«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн. Президент осылай деп, өткенге әділ әрі саяси тұрғыдан бейтарап баға беру маңызды деді.
Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев халқымызға берілген тарихи қате бағаға да тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанда саясаттың пайдасы үшін көшпелі халықтарды жабайы, бей-берекет, тарих шеңберінен тыс күш ретінде көрсетіп, қуатты дала империяларын «мемлекет деңгейіне жете алмаған» деп төмендететін ескі догмалар мен қасаң көзқарастарды қайта қарау үдерісі басталып кетті. Президент шынайы тарихнаманы қалпына келтіре отырып, өткенді әсірелеуден аулақпыз деді. Жиында беделді ғалымдар бас қосып отыр. Осы орайда Мемлекет басшысы Алтын Орда тарихын пайымдау перспективасын кеңейтуге көмектесетін бірқатар ғылыми ізденіске байланысты өз ойын жеткізді. Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесі мен экономикалық құрылымын жан-жақты зерттеуді ұсынды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #алтын ордаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz