Мемлекет басшысы Кения Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Рутоға Астанаға кәсіпкерлерден құралған үлкен делегацияны бастап келгені үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Президент Кения Қазақстанның Африкадағы өте маңызды серіктесі екенін атап өтіп, көптеген бағытта ортақ ықпалдастықты кеңейтуге тың мүмкіндіктің барына тоқталды. Бұған қоса, Найробиде Қазақстанның елшілігі ашылатынын айтып, келіссөз барысында екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық перспективасы талқыға түсті. Ал Уильям Руто Кения Қазақстанды сауда мен инвестицияны дамытудағы маңызды логистикалық хаб ретінде қарастыратынын жеткізді.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Қазақстан #Кения #КеліссөзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz