Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық байланысты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Ресми сапармен барған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен және Федералдық Жиналыс Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті. Кездесуде Сенат спикері Ресей парламентаризмінің 120 жылдығымен құттықтап, екі ел арасында өзара құрмет пен бір-бірінің мүддесін ескеруге негізделген ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті. Тараптар 2025-2027 жылдарға арналған Парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі практикалық іс-шаралар жоспарына назар аударды. Бұл құжат екі ел депутаттарының арасындағы ынтымақтастық комиссиясы аясында жүзеге асырылып келеді. Өз кезегінде Валентина Матвиенко Қазақстандағы реформаларға жоғары баға беріп, ынтымақтастықты арттыруға қатысты ұсыныстарын айтты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Бүгінде Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас екі ел Президенттері – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путин арасындағы достық пен сенімге негізделген байланыстың арқасында жаңа сапаға көтеріліп, тың серпін алды. Осы ретте былтыр қараша айында Қазақстан Президентінің Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының нәтижелі болғанын ерекше атап өткім келеді. Сол кезде Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастарды жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтеру туралы декларацияға қол қойылуы сапардың негізгі нәтижесі болғаны анық.
Валентина Матвиенко, Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрағасы:
- Біз Қазақстандағы ауқымды жаңғыртуларды назарда ұстап келеміз. Қазақстан Президенті жүргізіп отырған реформалар құрметке лайық. Саяси және экономикалық реформалар өте кәсіби, демократиялық әрі байыпты түрде, ең бастысы, халықпен диалог негізінде жүзеге асырылуда. Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумның нәтижесі Қазақстан халқы Президенттің бағдарын қолдайтынын айқын көрсетті. Сонымен қатар Қазақстанның парламенттік жүйесін ауқымды өзгерістер күтіп тұрғанын да білеміз.
Тегтер #Қазақстан #Ресей #парламент #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz