Президент Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты да қабылдады. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.
Былтыр облысқа 1,3 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 47 пайызды құрады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында өсім жақсы. Өңірде 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, 5 мектеп пен 30 медицина нысаны салынды. Биыл тағы екі мектеп пен бірнеше әлеуметтік жоба іске асады. Әкімнің сөзінше, өңірде барлық ауыл таза ауыз сумен қамтылды. Үш қаладағы қоғамдық көлік толық жаңартылып, 621 шақырым жол жөнделді. Ертіс арқылы жаңа көпір салу, әуежайды, трамвай паркін жаңарту, үшінші ГРЭС пен деректерді өңдеу орталығын салу жобаларының жүзеге асуы да сөз болды. Павлодар облысы елдегі көмірдің 58 пайызын, электр энергиясының 42 пайызын өндіреді. Президент Екібастұзда жаңа әуежай ашу мәселесін жан-жақты пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және коммуналдық жүйелерді жаңғырту жұмысын жалғастыруды міндеттеді.
Тегтер #президент #Павлодар облысы #әкім #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz