Қазақстанда су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі сегіз бассейндік жоспарды әзірлеудің алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл жұмыстар жаңа Су кодексі аясында жүзеге асырылып жатыр.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы алғашқы кезеңде бастапқы деректерді жинау және талдау жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, өзендер, көлдер мен жерасты сулары туралы мәліметтер, климаттық және гидрологиялық сипаттамалар, су шаруашылығы инфрақұрылымының жай-күйі зерттелді.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика және коммуналдық секторлардың су ресурстарына түсіретін жүктемесі, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі деректер де жинақталған.
Келесі кезеңде мамандар су нысандарының жай-күйін бағалап, негізгі мәселелерді айқындайды. Сондай-ақ су ресурстарын қорғау және оларды тиімді пайдалану бойынша кешенді шаралар әзірленеді.
Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаевтың айтуынша, бассейндік жоспарлар еліміздегі су ресурстарын басқарудың жаңартылған жүйесінің негізіне айналады. Жоспарлар сегіз су шаруашылығы бассейнінің әрқайсысы үшін жеке әзірленіп, өңірлердің табиғи және экономикалық ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Маманның сөзінше, аталған құжаттар негізінде су ресурстарын кешенді басқарудың Бас жоспары әзірленеді. Болашақта бұл құжаттар мемлекеттік жоспарлаудың маңызды элементіне айналмақ.
Тегтер #су ресурстары #су кодексі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz