RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Қытай арасындағы парламентаралық ынтымақтастық

25.05.2026, 21:25 42

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті.

Мәртебелі мейманды қарсы алған Ерлан Қошанов бұл сапардың тарихи маңыздылығын атап өтіп, Қытай Қазақстанның тату көршісі әрі сенімді серіктесі екенін айтты. Ауқымды ынтымақтастық пен заң шығару саласында тәжірибе алмасу барлық деңгейде жолға қойылып, Қазақстан-Қытай достық топтары белсенді жұмыс атқаруда. Тараптар сондай-ақ инвестиция, энергетика, сауда, логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты заңнамалық тұрғыда қолдауға қатысты көптеген мәселені талқылады.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Бүгінде Қытай Халық Республикасы қарқынды дамып келеді. Ол әлемдегі экономикасы ең ірі және озық елдің бірі, халықаралық саясаттың негізгі қатысушысы. Біз үшін Қытаймен мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту өте маңызды. Екі жақты қатынасымыз жаңа «алтын 30 жылдыққа» қадам басты. Бұл Қазақстан мен Қытай көшбасшыларының жеке үлесінің, олардың берік достығының, тұрақты кездесулерінің нәтижесі. Өткен жылы біздің мемлекеттеріміздің басшылары екі рет кездесті. Осы диалогтардың әрқайсысы қазақ-қытай қарым-қатынасының дамуына қуатты серпін берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz