RU
Толық нұсқаға өту

Еуразия төріндегі одақ 

27.05.2026, 18:29 30

Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға Мемлекеттік сапары қарсаңында  «Егемен Қазақстан» басылымында мақаласы жариялады. 

Онда қос елдің қазіргі және келешек қарым-қатынасы баяндалған. Ресей басшысы сенім пен стратегиялық серіктестікке негізделген байланыстың даму бағыттарына да тоқталады.

Ежелгі дос, тату көрші әрі сенімді серіктес. Ресей Президенті Владимир Путин мақалада осы үш тағанға тоқталады. Бүгінде екі елдің байырғы байланысы өзара құрмет мен сенімге негізделіп отыр. Бұл тұрақты даму мен орнықты экономиканың басты кепілі. Ресей басшысы қоңсылас қазақ жеріндегі саяси реформаларға қатысты да пікір білдірген. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Біздің қуатты әрі өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстанға деген құрметіміз ерекше. Күні кеше Қазақстанда заман талабына сай келетін, елдің келешегін айқындайтын жаңа Конституция қабылданды. Сол арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік институттарды нығайту, елді жан-жақты жаңғырту және әлеуметтік-экономикалық, рухани тұрғыдан дамыту жолындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті. Осы ауқымды реформа табысты жүзеге асып, мемлекетті күшейтуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді деп сенемін.

Қазақ-Ресей ынтымақтастығы сан салада табысты өрбіп жатыр. Владимир Путин мақалада соның бірсыпырасын тілге тиек етті. Әсіресе сауда-экономика саласы дамып келеді. Былтыр алыс-беріс 27 млрд доллардан асты.Қазір Қазақстанда Ресей инвесторларының қатысуымен 70-ке жуық жоба жүзеге асты. Ортақ бастамалардың нәтижесінде 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Қос мемлекет арасында көлік логистика бағыты да ерекше мәнге ие. 

Нұргелді Әбдіғаниұлы, саяттанушы:

- Президент Путин өзінің мақаласында Ресей мен Қазақстан солтүстік-оңтүстік көлік дәлізін дамытуға мүдделі екендігін айтады. Шын мәнісінде бұл бүгінгі геосаясаттың ең актуалды тақырыптарың бірі. Және өздеріңіз білесіздер Қазақстан Транскаспий көлік дәлізін дамытуға күш салып келе жатыр. Бұл дегеніңз батыс пен шығысты жалғайтын көлік дәлізі және оның 80 пайыз аумағы Қазақстан арқылы өтеді.

Екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығы да ерекше аталып өтті. Бүгінде мұнай экспортының 80 пайыздан астамы Каспий құбыр консорциумы арқылы өтеді. Табиғи ресурстарды өңдіру мен өңдеу бойынша да байыпты бастамалар бар. Сондай-ақ тараптар айти-технологияларды бірлесе дамытуға ден қойып отыр. Мұны Ресей басшысы өз мақаласында баса айтты. Бұдан қоса, ғылымның көкжиегін кеңейтетін ауқымды жобаларға басымдық беріледі. 

Жандар Асан, саяси сарапшы:

- Бұдан бөлек, Путин ғылым, жоғары білім саласындағы Қазақ-Ресей қарым-қатынасындағы бағыттарға да екреше тоқталады. Бұл бекер емес, себебі Қазақстан алдағы жылдары Орталық Азиядағы, сонымен қатар әлемдегі интеллектуалдық хабқа айналуды көздеп отыр. Күні бүгінге дейін Қазақстанда шетелдік іргелі оқу орындарының филиалдарынң ашылуы бұл сөзімізге айқын дәлел бола алады. 

Мемлекеттер басшыларының бұған дейінгі кездесулері нәтижелі өтті. Оған келелі келісімдер мен қол жеткізілген құжаттар куә. Ресей Президенті бұл жолғы сапардың да табысты һәм тарихи боларына сенім білдірді. 

Авторы: Назерке Тоқжан

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz