Қазақстан мен Ресей көлік-логистика саласында тығыз ынтымақтастық орнатқан. Былтыр екі елдің теміржолдары арқылы 92 млн тонна жүк тасылды.
Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3,1 млн тоннаға артық. Оның ішінде 53 млн тоннаға жуығы экспортқа тиесілі. 13,5 млн тоннасы -импорттың еншісінде. Ал 25,6 млн тоннасы - транзиттік жүк. Теміржолмен қатар су көлігі саласындағы әріптестік нығайып келеді. Былтыр Ақтау және Құрық айлақтары арқылы Ресейге тиесілі 2 млн тоннаға жуық жүк жөнелтілді. Яғни алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 26 пайыз жоғары. Сондай-ақ Ертіс бассейніндегі жүк тасымалы 296 мың тоннаға жетті.
Теміржол тасымалы
Барлығы – 92 млн тонна
Экспорт – 52,8 млн тонна
Импорт – 13,5 млн тонна
Транзит – 25,6 млн тонна
Су көлігі тасымалы
Ақтау-Құрық порттары – 1,9 млн тонна
Өсім – 26%
Ертіс бассейні – 296 мың тонна
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қазақстан #Ресей #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz