Азия елдерінің қазақтары Жапонияда бас қосты. Мұнда осындағы дипломатиялық өкілдік пен «Отандастар» қорының қолдауымен құрылтай өтіп жатыр.
Жапония, Корея, Малайзия және Моңғолиядағы қазақ диаспораларының көшбасшылары мен белсенділері өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жиынға келгендер өз елдеріндегі ұйымдардың атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ форумға осы өңірде тұратын қазақстандық кәсіпкерлер де келді. Моңғолиядағы «Арулар» қазақ әйелдері одағының жетекшісі Айнагүл Сарайқызының айтуынша, алғаш рет қазақ әйелі моңғол парламентінің құрамына енді.
Айнагүл Сарайқызы, Монғолиядағы қазақ әйелдерінің «Арулар» одағының төрайымы:
- Сол қазақтың қызы неге Парламентке отыруға болмайды? Иә, сол үшін біз күресіп, көп адамнан пікір алдық, саясат үшін көп жүгірдік . Олар сайланғалы 2,5 жыл уақыт болып қалды. Төрт ер адам, бір әйел. Сондай қазір бір министріміз бар, Әубәкір деген азамат бізде жанұя мәселесіне байланысты Еңбек министрлігінде министр және Ұлы Хуралдың депутаты.
Ақерке Інкәрбек, кәсіпкер:
- Мақсатымыз - біз кәсіпкерміз, кәсіппен айналысамыз. Жапонияға келуіміз жаңа бір бизнес-идея көріп, адамдармен танысып, осы қазақтардың ауызбіршілігін құратын диаспорамен танысу.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жапония #құрылтай #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz