Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиені Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады.
Президенттің айтуынша, Эфиопия – Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты қызметіне табыс, достас Эфиопия халқына құт-береке тіледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қазақстан #ЭфиопияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz