Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы мемлекеттік шекара режимі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды «24KZ»
Келісімнің негізгі мақсаты – екі ел арасындағы шекаралық аймақтардағы тәртіп пен ережелерді нақтылау. Құжатта мемлекеттік шекараны күтіп ұстау, адамдардың, көлік құралдарының шекарадан өту тәртібі, сондай-ақ жүктер мен өзге де мүлікті өткізу рәсімдері қарастырылған.
Сонымен қатар, келісім шекара маңындағы белдеуде және шекаралық суларда шаруашылық, кәсіпшілік және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібін айқындайды. Оған қоса, шекарадағы ықтимал оқиғаларды реттеу тетіктері мен шекара аумағы үстінен әуе ұшуларын ұйымдастыру ережелері енгізілген.
Құжатта сондай-ақ қоғамдық-саяси, мәдени және басқа да іс-шараларды өткізу тәртібі де белгіленген.
Келісімнің орындалуы екі мемлекеттің бірлескен қызметі арқылы қамтамасыз етіледі және халықаралық шарттар мен ұлттық заңнамаға сәйкес реттеледі.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #Өзбекстан #Парламент Мәжілісі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz