RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Тепловизормен аң аулауға тыйым салынады: Мәжіліс маңызды заң жобасын қабылдады

28.05.2026, 14:46 35

Мәжіліс екінші оқылымда жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы мәселелері бойынша заң жобасын қабылдады. Құжат жануарлар дүниесін қорғауды күшейтуге, браконьерлікпен күреске және экологиялық бақылауды жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды «24KZ»

Құжаттағы ең маңызды өзгерістердің бірі – аң аулау кезінде түнгі көру құрылғыларын пайдалануға тыйым салу. Енді инфрақызыл, электрондық-оптикалық және тепловизиялық құралдармен аң аулауға болмайды.

Сонымен қатар жабайы жануарларды, өсімдіктер мен олардың бөліктерін, соның ішінде ақбөкен мүйіздерін заңсыз сақтау, тасымалдау, өткізу және жарнамалау үшін жауапкершілік күшейтіледі.

Заң жобасында жануарларға қатыгездік танытқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату да қарастырылған.

Депутаттар сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды міндетті тіркеу жүйесін енгізуді ұсынды. Бұл қолдан өсірілген жануарларды заңсыз ауланған аңдармен алмастыруға жол бермеу үшін қажет.

Бұдан бөлек, құжатта алғаш рет «электр желілеріндегі құстарды қорғау құрылғылары» ұғымы енгізіліп отыр. Сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын салу кезінде жануарлардың мекен ету ортасы мен көшу жолдарын сақтау талаптары күшейтіледі.

Түзетулер аясында қорықшылар мен аңшылық шаруашылықтары қызметкерлерінің өкілеттігі кеңейтіледі. Экологиялық құқық бұзушылықтарды автоматтандырылған мониторинг жүйелері арқылы бақылау да күшеймек.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар экологиялық талаптарды сақтай отырып, ірі туристік жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін және орманды ұзақ мерзімге пайдалануға қатысты нормаларды да енгізді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz