RU
Толық нұсқаға өту

Конституция – ұлттық бірегейліктің белгісі

29.05.2026, 21:20 23

Жаңа Конституция ұлттық бірегейліктің айнымас белгісіне айналады. Сенатор Алишер Сатвал-диев осылай дейді. Құжатта халық құндылықтары, төл тарих пен мәдениетіміз туралы нақты баяндалған.

Ал кең байтақ қазақ даласында өмір сүрген өркениеттердің мұрагері - Қазақстан. Бұл жайлы мемлекет басшысы да баса айтқан еді. Осындай өзгерістер мемлекеттің мәдени саясатын айқындап, бағдар болатыны белгілі.

Алишер Сатвалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бұл жерде біздің тарихи жадыны қайта тірілте отырып, оны ұлттық саясатымызға айналдыру мәселесі, сол арқылы ата-бабадан келе жатқан құндылықтарымызды сақтап қалу мәселесі жолға қойылды. Бұл жерде ең алдымен атап өтетін нәрсе бұл осы  кең байтақ қазақ даласында бұған дейін өткен өркениеттердің мұрагері ретінде қазақ мемлекеттілігі соны мойындады. Біз Қазақстанның азаматтары соны түсінуіміз керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz