Қазақстан мен Кипр арадағы алыс-берісті ұлғайтуға күш салады. Екі ел арасындағы былтырғы тауар айналымы 0,79 млн, яғни 800 мың долларға жуық. Оның ішінде экспорт 120 мың доллардан асты.
Ал біз аралдағы мемлекеттен 680 мың доллардың тауарын сатып алдық. Қос елдің тауар айналымында фармацевтика өнімдерінің үлесі басым. Мәселен, былтыр Кипрге құны 100 мың доллардан асатын дәрі-дәрмек өнімін жөнелттік. Сондай-ақ киім-кешек, қолөнер бұйымдары сатылған. Ал өзіміз ол жақтан жалпы сомасы жарты миллион долларға жуықтайтын дәрі-дәрмек алдық. Бұдан бөлек негізгі тауарлар қатарында өрт сөндіру жабдықтары, тазарту-сүзу құралдары бар.
Қазақстан – Кипр тауар айналымы
2025 жыл
Барлығы – $0,79 млн
Экспорт – $0,12 млн
Импорт – $0,68 млн
Негізгі тауар түрлері
Экспорт
Дәрі-дәрмек – $108 мың
Киім-кешек – $1,98 мың
Импорт
Дәрі-дәрмек – $458,2 мың
Өрт сөндіру жабдығы – $51,8 мың
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қазақстан #Кипр #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz