RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Armenpress.am / @Hayk Badalyan

Арменияда парламент сайлауы аяқталды: елде оны тағдыршешті науқан деп атайды

08.06.2026, 10:06 34

Арменияда елдің алдағы даму бағытын айқындайтын парламент сайлауы аяқталды, деп хабарлайды «24KZ».

Ел премьер-министрі Никол Пашинян өзінің «Азаматтық келісім» партиясы парламент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, саяси күш үкіметті дербес құра алады.

Дауыс санау әлі жалғасып жатыр. Алайда Арменияның Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын ала нәтижелерге сәйкес, Пашинян жетекшілік ететін партия айқын басымдықпен көш бастап келеді.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де аяқталды. Осыдан кейін ел аумағындағы 2005 сайлау учаскесінде берілген дауыстарды санау басталды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру аяқталған сәттегі жалпы қатысу көрсеткіші 58,97%-ды құрады.

Қорытынды нәтижелер барлық дауыстар толық саналғаннан кейін жарияланады.

Сарапшылар мен саясаткерлер бұл сайлауды елдің саяси болашағына ықпал ететін маңызды науқан ретінде бағалайды. Сайлау ішкі саяси үдерістер мен сыртқы саясаттағы басымдықтардың өзгеруі аясында өтті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz