Қанат Бозымбаев Шэньчжэнь қаласының мэрімен инновациялық қалаларды дамыту тәжірибесін талқылады.
Тараптар инвестициялар тарту, инновациялық экожүйелерді дамыту, қалалық басқаруды цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу мәселелерін қаузады. Кездесуде Қазақстанның жаңа экономикалық өсу орталығы ретінде Алатау қаласын дамыту және бәсекеге қабілетті қалаларды қалыптастырудың халықаралық тәжірибесін зерделеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шэньчжэнь қаласының мэрі Қазақстанның Алатау қаласын құру жөніндегі бастамасын жоғары бағалап, ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді. Еске сала кетейік, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы рекордтық 48,7 млрд долларға жетті. Ал 2005–2025 жылдар аралығында Қытайдың Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі 29 млрд доллардан асты.
Тегтер #инновацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz