RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

  49 жылға берілетін келісім: Мәжіліс маңызды құжатты ратификациялады

10.06.2026, 15:59 58

Қазақстан Мәжілісі Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы дипломатиялық объектілерді өзара өтеусіз пайдалану туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды «24KZ».

Құжатқа сәйкес, Астана мен Бішкек қалаларында орналасқан елшілік ғимараттары мен резиденциялар екі елдің дипломатиялық миссиялары үшін 49 жыл мерзімге өтеусіз пайдалануға беріледі. Сондай-ақ бұл мерзімді ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Келісімде жылжымайтын мүлікті беру тәртібі нақты айқындалып, екі тарап та нысандарды ұстау, жөндеу және коммуналдық шығындарды өздері өтейтіні көрсетілген. Бұдан бөлек, аталған мүлік салықтар мен алымдардың барлық түрінен босатылады.

Мәжілісте айтылғандай, бұл қадам Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтып, елшіліктердің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасайды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz