Қазақстанға Қырғызстан Парламентінің Төрағасы Марлен Маматалиев алғаш рет ресми сапармен келді.
Мәртебелі мейман Астанада Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановпен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту және қос ел арасындағы келісімдерді заңнамалық тұрғыдан қолдау мәселелерін талқылады. Мәжіліс Төрағасы қырғыз әріптесін Қазақстандағы саяси реформалардың жүзеге асу барысымен таныстырды. Сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелеріне де тоқталды. Атап айтқанда, экономика, азық-түлік қауіпсіздігі, су және энергетика салаларындағы ортақ жұмыстар туралы сөз қозғалды. Тағы, цифрландыру – жаңа ынтымақтастық бағыты ретінде айқындалды. Екі ел жасанды интеллект технологияларын енгізу тәжірибесімен өзара алмасуға уағдаласты. Ресми кездесулерден бөлек, қырғыз делегациясын Alem.ai орталығымен, «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен және елордадағы мәдени нысандармен таныстыру жоспарланған.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:
- Президенттеріміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Садыр Нұрғожаұлы Жапаровтың саяси ерік-жігері, сындарлы саясатының арқасында біздің екі елдің арасындағы қарым-қатынас өте жедел дамып келе жатыр. Мемлекеттеріміздің басшылары достықты арттыру, әсіресе экономика жағынан даму, оның барлығында бірлесе түсіністікпен жұмыс істеп жатыр. Арадағы ынтимақтастықты жоғары деңгейдегі кездесулер, осының бәрі айшықтап көрсетіп отыр. Біз парламентаралық ынтымақтастықта бұдан әрі нығайтуға өте мүдделіміз.
Тегтер #мәжіліс #Қырғыз #парламент #спикерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz