«AMANAT» саяси партиясы жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылады. Мұндай шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXVI съезінде қабылданды, деп хабарлайды «24KZ».
Елмен бірге өскен партия үшін тағы бір кезең аяқталып жатыр. Алға жылжу үшін батыл шешімдер керек. Ескіден арылмай, жаңаны құру мүмкін емес. Біз жақсы жұмыс істеп, барлық мақсат-міндетті орындағанымызды тағы бір атап өтейін. Ашығын айтқанда, халықпен адал және тіке диалог құрсақ та, бізді алдыңғы партиямен байланыстыратын кей пікірлер әлі де бар. Мұндай нәрсе үлкен тарихы бар кез-келген саяси күште болады. Сондықтан Мемлекет басшысы бірліктің маңызы жөнінде айтып жүрген қазіргідей шақта батыл шешім қабылдап, тарихымыздың жаңа парағын ашуымыз керек. Біздің партия әрдайым «өзгеріс өзімізден басталады» деген қағиданы ұстанады. Қазір уақыт талабына, мемлекет мүддесіне, қоғамның сұранысына сай қадам жасауымыз қажет. Бүгінде мемлекетке бөліну емес, бірігу нүктелері керек. Осындай жауапты сәтте ресурстарымызды жаңа саяси партия «Әділетпен» біріктіруіміз тиіс. Біз ұстанымдарымыз бен идеяларымыздан бас тартпаймыз, керісінше оларды күшейте түсеміз. Мүмкіндіктерімізді кеңейтеміз және дамудың жаңа кезеңіне өтеміз. Әлемдік тәжірибеде мемлекет мүддесі үшін партиялардың бірігуі тәжірибесі, мысалы көп, — деді Съезде Парламент Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz