RU
Толық нұсқаға өту

AMANAT партиясы «Әділет» партиясымен бірігуге дайын

12.06.2026, 21:05 35

AMANAT партиясының мүшелері «Әділет» партиясына қосылу идеясын қолдады.

XXVI Съезге қатысушылар бұл бастамаға бір ауыздан дауыс беріп, нәтижесінде тиісті қаулы қабылданды. Жиынға Қазақстанның барлық өңірінен 1500-ден астам делегат келген. Ресми мәлімдеме, бұл шешім Мемлекет басшысының ел дамуының жаңа кезеңінде, барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерді, жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар төңірегінде топтастыру туралы үндеуіне қолдау көрсету мақсатында, қабылдағаны жазылған. Сондай-ақ партия қауымы елдің жасампаз даму бағыты мен Президенттің стратегиялық саясатын қолдау үшін біртұтас әрі топтасқан алаң ретінде әрекет етуге дайын екенін көрсетті делінген. Ал Ерлан Қошанов мемлекетке бөліну емес, бірігу нүктелері керек екенін алға тартып, жауапты сәтте ресурсты жаңа саяси партия «Әділетпен» біріктіру керек деді. 

Ерлан Қошанов, "Amanat" партиясының төрағасы:

- Жақында Президент еліміз тұрақты дамып жатқанын мәлімдеді. Яғни іргелі трансформациялық кезең аяқталды. Мемлекет басшысы бірліктің маңыздылығы туралы айтқанда біз өз тарихымыздың жаңа парағын ашуға дайын болуымыз керек. Біздің партия "өзгеріс өзіңнен басталады" деген ұстанымға берік. Сондықтан да қазір біз уақыт пен қоғам талабына және мемлекет мүддесіне сай келетін қадамға баруымыз керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz