RU
Толық нұсқаға өту

Елдің саяси өміріндегі жаңа кезең: «AMANAT» «Әділетке» қосылады

14.06.2026, 14:41 36

«AMANAT» «Әділет» партиясына қосылады.

Бұл жайлы бүгін бас қалада өткен «Әділет» партиясының екінші сьезінде хабарланды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бірлестіктердің бірігуі болашақ үшін маңызды шешім екенін айтып,  жиынға қатысушыларды қолдауға шақырды. Делегаттар бір ауыздан келісті. Сондай-ақ келелі кеңесте өңірлік филиалдарды құру жайы пысықталып, олардың ережесі бекітілді. Онда өкілдіктердің құқықтық мәртебесі, міндеттері, басқару жүйесі, партияның орталық органдарымен өзара іс-қимыл әрекеті, қаржылық тәртіп пен бақылау тетіктері жазылған. Енді барлық өңірде Әділет партиясының филиалдары құрылады. Жиынға қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің өкілдерінен құрылған 600-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында «AMANAT» партиясының мүшелері де бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz