Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде жазылуымен құттықтады.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Телеграм парақшасында жазды.
Президент атап өткендей, бұл тарихи уақиға аты аңызға айналған отандасымыздың жаһандық спорттағы қолтаңбасы айрықша маңызға ие екенін айғақтайды. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы шынайы келбеті мен беделін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін көрсетеді.
Мемлекет басшысының пікірінше, Геннадий Головкин еліміздің мақтанышы әрі халықаралық спорт қоғамдастығындағы елшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзіндегі ең үздік боксшылардың бірінен үлгі алған жас спортшыларымыз жігерленіп, биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді.
Айта кетейік, АҚШ-тың Нью-Йорк штатының Канастота қаласында өткен салтанатты іс-шараның басты тұлғаларының бірі Халықаралық бокс даңқы залына қабылданған Қазақстанның алғашқы өкілі Геннадий Головкин болды.
Тегтер #Таңдаулы #Қасым Жомарт Тоқаев #Геннадий ГоловкинPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz