RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстан-Өзбекстан үкіметаралық су комиссиясы құрылады

17.06.2026, 11:46 70

Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды «24KZ».

Құжат екі елдің су ресурстары саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Келісімге 2025 жылғы 15 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында қол қойылған. Негізгі мақсат – трансшекаралық су нысандарын тиімді басқару, суды әділ әрі ұтымды пайдалану, сондай-ақ мемлекетаралық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету.

Құжат аясында Қазақстан–Өзбекстан үкіметаралық комиссиясын құру көзделіп отыр. Комиссия трансшекаралық су объектілері мен бірлесіп пайдаланылатын су инфрақұрылымын басқару мәселелерін үйлестіретін болады.

Келісімді ратификациялау екі ел арасындағы су саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтып, ықтимал келіспеушіліктердің алдын алуға және су шаруашылығы жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz