Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді.
Премьер-министр Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі халықаралық конференцияның пленарлық отырысында осылай деді. Жаңа Конституцияда зияткерлік және шығармашылық қызметті қорғауға кепілдік берілген. Қазақстанда креативті индустрия қарқынды дамып келеді. Жаңа нарықтар, жаңа жұмыс орындары қалыптасып, ұлттық креативті өнімді экспорттау мүмкіндіктері кеңейтілуде, деді Олжас Бектенов. Сондай-ақ ол еліміздің мәдениет пен шығармашылық қызметті қолдауды мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығының бірі екенін жеткізді. Сондай-ақ мамырда Астанада өткен «Алтын Орда» дала өркениетіне арналған халықаралық симпозиумның маңыздылығына тоқталды. Симпозиумға 20-дан астам мемлекеттің тарихшылары мен мәдениеттанушылары қатысқан. Айта кетейік, Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту, креативті және шығармашылық индустрияларды дамытуға арналған конференцияға Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан премьер-министрлері және Түрікменстанның білім министрі қатысты.
Тегтер #үкімет басшысы #премьер министр #Санкт Петербург #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz