Көлік, логистика, тау-кен металлургия кешені және сауда.
Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі Кабулға сапары барысында Ауғанстан Премьер-министрі Мұхаммед Хасан Ахундпен және оның орынбасары Абдул Гани Барадармен келіссөздер жүргізді. Тараптар ауқымды гуманитарлық, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселесін қаузады. Сондай-ақ қаржы саласында өзара есеп айырысудағы кедергілер талқыланды. Оларды жоюдың нақты шаралары әзірленді. Тараптар сауда, көлік, өнеркәсіп, телекоммуникация және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниет білдірді.
Тегтер #Қазақстан #Ауғанстан #ынтымақтастық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz