Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында экотуризмді дамыту мәселелерін талқылады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде көшпелі кеңес өткізді. Іс-шараға 50-ден астам отандық және шетелдік әлеуетті инвестор қатысып, жобалар талқыланды. Кеңес барысында экотуризмді дамыту, табиғи аумақтарды сақтай отырып туристік инфрақұрылымды жетілдіру және инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Төлеби және Түлкібас аудандарында халықаралық стандарттарға сай туристік апарт-кешендер салу жоспарлары ұсынылды. Жобалар аясында апартаменттер, бутик-қонақүйлер, демалыс аймақтары, қоғамдық кеңістіктер мен сервистік нысандар салу көзделген.
Тегтер #Түркістан #экотуризм #кеңес #Нұрлыбек НәлібаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz