RU
Толық нұсқаға өту

Ерлан Қошанов «Ұлы мұра – ортақ болашақ» халықаралық форумына қатысты

22.06.2026, 23:10 35

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Парламент Мәжілісінің делегациясы Беларусь Республикасы Брест қаласында Ұлы Отан соғысы басталуының 85 жылдығына арналған «Ұлы мұра – ортақ болашақ» халықаралық форумына қатысты.

Форумға 15 елдің өкілдері жиналды. Жалпы отырыста сөз сөйлеген Ерлан Қошанов: 22 маусым – бұл тек қана сұрапыл соғыстың басталған азалы күні емес, сонымен бірге тарихты терең зерделеп, сансыз құрбандықтың арқасында келер ұрпаққа бейбіт өмір сүру құқығын сыйлаған жандарға алғыс білдіру күні екенін атап өтті. Мәжіліс спикері Брест қамалын қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар Беларусь жерінде қаза тапқан отандастарымыздың есімін жаңғырту бағытындағы тарихшыларымыздың еңбегін атап өтті. Сапар барысында Мәжіліс делегациясы Брест қамалында өткен еске алу шараларына қатысып, жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

- Брест қамалын Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген жауынгерлер қорғады. Брест гарнизонындағы жеті мың әскери қызметшінің шамамен мыңға жуығы Қазақстаннан келген сарбаз болды. Олардың барлығы дерлік осы жерде қаза тапты. Бүгінде әлем жаңа сын-қатерлерге тап болып отырған кезде біздің ортақ міндетіміз – тарихи жадымызды сақтау және оны жас ұрпаққа жеткізу. Былтыр Астанада өткен әскери парадта сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс туралы ақиқатты сақтау маңызды екенін атап өтті, өйткені шындықты білмейінше бейбітшіліктің бағасын түсіну мүмкін емес. Ортақ ерлікті есте сақтау – халықтарымыз арасындағы достықтың, өзара құрмет пен ынтымақтастықтың ең берік іргетасы болып қала береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz