RU
Толық нұсқаға өту

Президенттік жастар кадр резерві мемлекеттік қызметтің әлеуетін арттырады

23.06.2026, 13:16 39

Президенттік жастар кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің әлеуетін арттыруда маңызды роль атқарады.

2019 жылдан бері бағдарлама аясында резервке 450 маман іріктелді. Олардың 77 пайызы мемлекеттік басқару жүйесінде жауапты қызметтерге орналасты. Былтыр алғаш рет өңірлерде де осындай жоба қолға алынды. Оның нәтижесі бойынша 546 маман іріктеуден өтті. Мемлекеттік грантпен оқыған, үлгірімі жоғары жастарға басымдық беріледі. Үздіктер конкурсқа қатыспай-ақ аудандарда мемлекеттік қызметке кірісе алады. Саланы цифрлық трансформациялау үшін «e-Qyzmet» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Барлық кадрлық процесс бірыңғай платформаға біріктірілді. Бұл жүйе іріктеу мен бағалау тетіктерін автоматтандырып, адами факторды барынша азайтты. Аталған өзгерістер «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда бекітілді. Құжатта мемлекеттік аппаратты клиентке бағдарланған сервистік модельге көшіру, «мінсіз репутация» институтын енгізу және қызметшілердің лауазымдық деңгейіне байланысты еңбекақы төлеу туралы баптар қамтылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz