RU
Толық нұсқаға өту

Бектенов: Қазақстан-Қытай қатынасы жаңа «алтын отызжылдық» кезеңіне қадам басты

23.06.2026, 15:00 39

Қазақстан мен Қытай қатынасы жаңа «алтын отызжылдық» кезеңіне қадам басты.

Үкімет басшысы Қытайдың мемлекеттік кеңесінің премьерімен кездесунде осылай деді. Олжас Бектенов пен Ли Цян экономикалық ынтымақ мәселесін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі. Былтыр өзара сауда айналымы 48 млрд доллардан асқан. Көрші елден 2 млрд 800 млн доллар инвестиция тартылды. Агроөнеркәсіп кешені бойынша да екіжақты көрсеткіштер еселі.  36%-ға өсіп, 2 млрд долларға жуықтаған. Қазақстан – Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық тасымалында шешуші роль атқарады. Республика аумағынан жүк ағынының 85%-дан астамы өтеді. Өткен жылы арадағы теміржол тасымалы 35,6 млн тоннаға жеткен.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Қазақстан мен Қытайды өзара құрмет пен қолдауға негізделген достық және ынтымақтастық байланыстырады. Бүгінде екіжақты қатынастар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында дамып, жаңа «алтын отызжылдық» кезеңіне қадам басты. Мемлекеттеріміздің көшбасшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Си Цзиньпин арасындағы берік сенімге негізделген сындарлы диалог серіктестіктің үлгілі моделіне айналған мемлекетаралық қатынастардың орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші болып отыр. 

Ли Цян, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері:

- Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинь мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын екіжақты кездесулер өткізіп, ынтымақ мәселесін терең талқылап келеді. Қос ел көшбасшыларының арқасында Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге шықты. Уақыт өте ол мазмұнды және нақты бола түсті. Мол нәтижеге жеткізді. Шынайы ынтымақтың және өзара тиімді іс-қимылдың үлгісіне айналып келеді. Шиеленіскен халықаралық жағдайдың, тұрақсыздық пен белгісіздіктің аясында Қытай мен Қазақстан өзара тату көршілер, жақсы достар және сенімді серіктестер бола отырып, екі елдің дамуына бірлесе атсалысып, жан жақты байланыстар мен үйлестіру шараларын одан әрі нығайта түсуі тиіс.

Сондай-ақ Олжас Бектенов Далянь қаласындағы «Бір белдеу, бір жол» бастамасына арналған сессияға қатысты. Ол Қазақстанның 1 млрд 700 млн тұтынушысы бар нарықты қамтитынын атап өтті. Соңғы 7 жылда көлік-транзит инфрақұрылымын дамытуға 35 млрд.тан аса доллар жұмасалған. Ақтаудағы контейнерлік хаб, Сиань құрғақ порты, «Достық – Мойынты» темір жолының екінші жолдары сияқты ірі жобалар жүзеге асырылды. Сессияда «Бір белдеу, бір жол» бастамасын одан әрі ілгерілету әлеуеті сөз болды. 2040 жылға дейінгі келешегі талқыланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz