Бельгия Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларын әртараптандыруға белсенді түрде атсалысып келеді.
Әсіресе қос мемлекет арасында фармацевтика, транспорт пен логистика салалары бойынша әріптестік байланыс соңғы жылдары қарқынды түрде дамып отыр, - дейді сарапшылар. Ал Еуропадағы ең ірі теңіз тораптарының бірі саналатын Бельгиядағы Антверпен порты Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы еліміздің Еуропаға тікелей шығуын қамтамасыз ететін маңызды стратегиялық серіктес екені сөзсіз. Бұған қоса, жасыл энергетика мен атом өндірісі бағытында да тараптардың қол жеткізген жетістіктері аз емес.
Жандар Асан, саясаттанушы:
- Екіншіден, мемлекеттер арасындағы жоғарғы заң шығарушы органдар, яғни Парламент пен Бельгия өкілдер палатасы арасында осы кезеңге дейінгі үлкен бір парламентаралық дипломатияның айқын үлгісі, ынтымақтастықтың нақты нышаны қалыптасты. Бұл екі ел арасындағы заңнамалық тәжірибе алмасуда да үлкен бір рөл атқарады. Бұдан бөлек, қазір ынтымақтастық тек инвестиция тарту, экономикалық байланыстармен ғана емес, сонымен бірге саяси, транзиттік, логистикалық, білім беру, мәдени, гуманитарлық байланыстарды да мемлекеттер арасында өзара байланыс қарқынды түрде нығайып келе жатыр.
Тараптар арасында білім және ғылым саласын жандандыру, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланып, инженер мамандарын даярлау жүйесі де жаңа деңгейге көшпек. Бұған Бельгиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі - Гент университетінің Ғылым және жоғары білім министрлігімен әріптестік байланыс орнатуы дәлел.
Жандар Асан, саясаттанушы:
- Еуразия ұлттық университетінде алғашқылардың бірі болып Бельгияда ірі ынтымақтастық арнайы өкілдігін ашты. Қазір аталған өкілдікте академиялық алмасу, халықаралық ынтымақтастық, қос дипломды білім беру бағдарламалары шеңберінде ЕҰУ студенттері, жетекші докторанттары мен магистранттары білімдерін жетілдіріп, өздерінің жасанды интеллект бағытындағы жобаларын жүзеге асыруға мол мүмкіндіктері туып отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қазақстан #БельгияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz