RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшылар саяси реформаларды оң бағалады

23.06.2026, 16:30 60

Қазақстан - Орталық Азиядағы өңірлік өзгерістердің негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Женевадағы Қауіпсіздік саясаты жөніндегі халықаралық орталықта өткен дөңгелек үстел барысында айтылды.

Қатысушылардың арасында халықаралық ұйымдар мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның БҰҰ-ның Женевадағы тұрақты өкілдері, ғалымдар және азаматтық қоғам мүшелері бар. Сарапшылар біздің ел Орталық Азияда ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келеді. Сондай-ақ Еуропамен байланыстыратын көлік дәліздерін дамытуда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Бұдан бөлек халықаралық әріптестікті дамытуда Қазақстанның бастамаларын да жоғары бағалады.

Давид Чикваидзе, Swiss Forum On International Affairs орталығының вице-президенті:

- Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың маңызы өте зор. Тәуелсіздік алғалы 30 жылдан асты. Сондықтан саяси жүйені жаңарту бұл - заман талабы. Бұл реформаларды ел болашағын ойлайтын, кемеңгер көшбасшы басқарып отыр. Саяси өзгеріс Қазақстанның XXI ғасырда одан әрі дамуына, жаңғыруына және күшеюіне мүмкіндік береді. Елдің халықаралық сахнадағы рөлін нығайтады.

Қайрат Саржанов, Қазақстанның Швейцариядағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Халықаралық сарапшылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Әсіресе мемлекеттік басқаруды жетілдіру, Парламенттің ықпалын күшейту және азаматтардың құқықтарын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға оң баға берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz