Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыру – заңға сәйкес қатаң түрде қудаланады. Ондай әрекетке мүлдем жол берілмейді, - деп ескертті Бас прокуратура.
Өйткені әлеуметтік желілерде қоғамда аталған сипаттағы жарияланымдар мен пікірлердің таралу деректері анықталып жатыр. Оның жазасы 8 млн 650 мыңнан бастап 30 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. Тіпті 2-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан шектеліп немесе айырылуы да мүмкін. Сондай-ақ онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынған. Егер мұндай әрекеттерде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, әкімшілік іске тартылады. 86 мың 500 теңге айыппқл арқалайды. Жалпы мұндай жарияланымдардың авторлары ғана емес, оларды саналы түрде таратуға қатысқан адамдарға да құқықтық баға беріледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Бас прокуратура #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz