Кездесулер кезегін Inditex Group бас директорының орынбасары Сантьяго Мартинес-Лахе Собредо жалғады. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық ықпалдастық қазақ-испан қарым-қатынасының негізгі тіректерінің бірі болып қала беретінін айтты. Қазақстанда барлығы 60-қа жуық испандық компания жұмыс істейді.
Президент әлемдегі жетекші ритейлер санатына енетін Inditex тобының еліміздегі қызметін кеңейту және Қазақстанды Орталық Азияның басты көлік-логистика торабына айналдыру жөніндегі жоспарын құптады. Сонымен қатар компанияның уақыт өте келе елімізде логистика аясынан шығып, тоқыма саласында қуатты өндіріс орнын құра алатынына сенімді екенін жеткізді.
Ал Сантьяго Мартинес-Лахе Собредо Қазақстанда кәсіпкерлік пен инвестицияға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, бизнесті өркендету жоспарымен бөлісті. Компания Алматы мен Қарағанды әуежайларының базасында өңірлік логистикалық хаб қалыптастырып жатыр.
Тегтер #президент #Inditex Group #Сантьяго МартинесЛахе Собредо #кездесуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz