RU
Толық нұсқаға өту

Президент реформалары туралы кітап таныстырылды

24.06.2026, 17:42 44

«Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы».

Бүгін Астанада Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың кітабы көпшілікке таныстырылды. Жаңа туындының жеті тарауында экономикадан бастап ұлттық бірегейлікке дейінгі маңызды салалар жан-жақты зерделеніп, реформалардың философиялық мәні мен жаһандық маңызы кеңінен талданған. Сонымен қатар Сенат спикері «Талдау мектебінің» қатысушылары әзірлеген «SMART GOVERNANCE: тиімді басқаруға қажетті деректер, аналитика және жасанды интеллект» деп аталатын сараптамалық баяндамалар жинағын халық назарына ұсынды. Мәулен Әшімбаев өз кітабы мен «Талдау мектебі» аясында әзірленген баяндамалар жинағы мазмұндық әрі тұжырымдамалық тұрғыда сабақтас екенін атап өтті. Екеуінде де ұлттық мүдденің негізгі бағыттары қамтылған. Тұсаукесерде Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси бағдарын ілгерілету және жүзеге асыру жөніндегі бастамалар мен өзге де өзекті мәселелер талқыланды.   

Мәулен Әшімбаев, ҚР  Парламенті Сенатының төрағасы:

«Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» кітабы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан кешенді жаңғырту бағдарламасына арналған. Еңбектің әр тарауында Мемлекет басшысының ауқымды реформалар бағдарының негізгі бағыттарына талдау жасалады. Ішкі саясат пен экономика, өңірлік даму мен ұлттық бірегейлік, парламенттік реформалар және Қазақстанның халықаралық аренадағы орны зерделенді. Алайда кітаптың басты өзегі реформалардың мәнін, олардың философиялық негіздері мен жаһандық маңызын талдау екенін атап өткен жөн».

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz