Женевада Қазақстанның бастамасымен қыздар мен әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесіне арналған панельдік пікірталас өтті.
Шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 62-сессиясы аясында ұйымдастырылды. Сөз алған спикерлер адам құқығын қорғау және жәбірленушілерге кешенді көмек көрсету шараларын күшейтуге шақырды. Өз кезегінде Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және озық тәжірибемен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді. Елдегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағының президенті Зүлфия Байсақова таныстырып өтті. Қазір Қазақстанда 50 дағдарыс орталығы қызмет көрсетеді. Онда мамандар зардап шеккендерге кешенді көмек беріп, зорлық-зомбылықтың куәгері болған балалармен жұмыс істейді.
Зүлфия Байсақова, Қазақстан дағдарыс орталықтары одағының президенті:
- Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша Қазақстанның тәжірибесі Орталық Азия елдеріне, тіпті бүкіл әлемге үлгі десек болады. Өйткені бағдарлама нәтижесі оның тиімділігі мен қайталану деңгейінің төмендегенін көрсетіп отыр. Тағы, отбасылық ұрыс-керісті бейбіт жолмен шешуді үйренген ерлі-зайыптылар көбейіп келеді. Біз бұл арқылы тұтас мемлекетіміздің дамуына үлес қосып отырмыз.
Тегтер #Қазақстан #Женевa #зорлық зомбылық #әйел #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz