RU
Толық нұсқаға өту

Еуропа кеңесі еліміздегі конституциялық реформаларды қолдады

27.06.2026, 19:23 42

Еуропа кеңесі Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдады.

Бұл туралы ұйымның Парламенттік Ассамблеясы қабылдаған жазбаша декларацияда айтылған. Құжатқа Еуропа елдерінің ұлттық делегациялары мен түрлі саяси топтардың атынан 22 депутат қол қойды. Олар Қазақстанда өткен референдум мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңі болғанын атап өтті. Мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңгерімді үлгісіне көшу, азаматтардың конституциялық әділ сотқа қолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайту шаралары оң бағаланды. Кеңес сондай-ақ Қазақстанның Еуразия өңіріндегі сенімді серіктес ретінде демократиялық басқару қағидаттарын нығайтуға бағытталған алдағы бастамаларын қолдауға әзір екенін жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz