RU
Толық нұсқаға өту

Парламент Сенатының тарихтағы соңғы отырысы өтті

29.06.2026, 13:35 51

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 30 жылдық тарихындағы соңғы отырысы өтті.

Осы уақыт аралығында жоғарғы палатаның 890-нан астам жалпы отырысы ұйымдастырылып, мемлекет тағдырын айқындаған 3 жарым мыңнан астам Заң қабылданды. Олардың әрбір оныншысы Парламент депутаттарының бастамасымен ұсынылған. Бұл тұрғыда елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға, сот және құқық қорғау жүйелерін жеткілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту мен Заң үстемдігін орнықтыру мәселелеріне баса мән берілді. Заң шығаруымен қатар Сенат түрлі форматтағы жиындарды да өткізіп, қоғам дамуына қатысты маңызды сауалдарды көтере білді. Бұл мақсатта 60-тан астам парламенттік тыңдау мен 3 мыңнан астам жоспарлы іс-шара қолға алынды. Сондай-ақ азаматтарды алаңдатқан мәселелер бойынша Үкіметке 3 мыңға жуық депутаттық сауал жолданып, шешу жолдары ұсынылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz