Қазақстан мен Грузия жасанды интеллект саласындағы әріптестікті күшейтпек.
Серіктестіктің жай-жапсарын бүгін қос елдің Үкімет басшылары талқылады. Елге ресми сапармен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе келді. Қос тарап сонымен қатар, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, энергетика, цифрландыру бағыттарындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін де сөз етті. Бүгінде елде грузин тарапының қатысуымен 600-ден астам компания жұмыс істейді. Өзара сауда көлемі биылғы жылдың алғашқы төрт айында 53 млн долларға жетті. Ал былтыр1 84,5 миллион АҚШ доллары болды.
Тегтер #Қазақстан #Грузия #жасанды интеллект #үкімет #Грузия премьерминистріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz