RU
Толық нұсқаға өту

Қос палаталы Парламент тарихында 3500 заң қабылданды

30.06.2026, 16:00 44

Қос палаталы парламенттің соңғы сессиясы да нәтижелі болды.

Төменгі палатаның өзі 40 шақты жалпы отырыс өткізіп, қоғамды толғандырған 300-ден аса түйткілді қаузаған. 190 заң жобасы Палата қарауына алынып, оның әрбір үшіншісі депутаттардың бастамасымен ұсынылды. Олардың қатарында заң мен тәртіпті қатаңдатып, жаппай цифрландыруды тиімді жүзеге асыруға, экономикалық саясатты жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар Заң жобасы бар. Атап айтсақ, «Құрылыс кодексі», «Банктер және банк қызметі», «Цифрлық кодекс» және «Психологиялық қызмет» сынды маңызды құжаттар қоғамдық қатынастарды реттеп, мемлекеттік қызметті жетілдіруде оң ықпал етті. Сондай-ақ жаңа Ата Заңды жетілдіруде «Президент», «Астананың мәртебесі» және «Әкімшілік-аумақтық құрылыс» туралы Заңдардың жаңартылып, «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі» мен «Халық Кеңесі» туралы Заңдардың қабылданғанын да атап өткен жөн.

1995-2026 жж. – Сенат/Мәжіліс – 3500 Заң 

Мәжіліс – VIII шақырылым/4-сессия

40 жалпы отырыс 

334 мәселе 

190 Заң жобасы Палата қарауында  

Графика 2:

·              Заң мен тәртіпті күшейту

·              Жаппай цифрландыруды дамыту

·              Экономикалық саясатты жақсарту

·              Халықтың әл-ауқатын арттыру

·              Конституцияны жетілдіру

 

«Құрылыс кодексі»

«Банктер және банк қызметі туралы» Заң

«Цифрлық кодекс»

«Жасанды интеллект туралы» Заң

«Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Заң

«Психологиялық қызмет туралы» Заң

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz