Мемлекет басшысы Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхе қабылдады.
Кездесу барысында Президент Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасымен стратегиялық серіктестікті дамытуға айрықша мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Германия еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Екі жақты сауда және инвестициялық ықпалдастықта оң динамика байқалады. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 8 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды, деді қазақ басшысы. Келешекте де шетелдік бизнестің біздің нарыққа көбірек келуі үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін растады. Өз кезегінде Катерина Райхе екі жақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігі үшін Президентке алғыс айтып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі табыстарына тоқталды. Сондай-ақ министр Қазақстан Германияның аймақтағы ірі сауда-экономикалық серіктесі саналатынын, екі жақты ықпалдастықты кеңейтудің әлеуеті мол екенін жеткізді.
Тегтер #Таңдаулы #Мемлекет басшысы #Германия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz