RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

30.06.2026, 21:00 34

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбо мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент еліміз Конго Демократиялық Республикасын Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы екі жақты ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Конго Демократиялық Республикасының халқына құт-береке тіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz