RU
Толық нұсқаға өту
Фото:UKIMET

Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты – Олжас Бектенов

01.07.2026, 09:59 33

Бүгін күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елдің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайтын негізгі құжатқа айналады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды «24KZ».

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен жиында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын сапалы жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл – еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайтын негізгі құжат. Ата заңның қабылдануы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан елімізді жаңғыртудың жаңа кезеңін азаматтардың жаппай қолдайтынын анық көрсетті, – деп атап өтті Премьер-министр.

Сондай-ақ Үкімет басшысы жаңа Конституция экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейтін озық әрі қарқынды дамудың берік институционалдық негізін қалыптастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы жаһандық өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, жаңа экономикалық ахуалды қалыптастыратын белсенді қатысушы болу қажеттігін үнемі айтып келеді.

Премьер-министрдің сөзінше, жүзеге асырылып жатқан реформалардың барлығы осы міндеттерді іске асыруға бағытталған және олардың негізінде жаңа Конституция жатыр.

Олжас Бектенов мемлекеттік және қоғамдық институттарды түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын атап өтті.

Жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің барлығы қоғамдағы тұрақтылықты одан әрі сақтауға, азаматтардың әл-ауқатын лайықты деңгейде қамтамасыз етуге, «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға, сондай-ақ қазақстандықтардың озық ойлы әрі жоғары интеллектуалды буынын қалыптастыруға бағытталған, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz