Үкімет әрі қарай да инфляцияны төмендету шараларын бақылап, азаматтардың әл-ауқатын жақсартпақ.
Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, биыл инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстап тұру орнықты экономикалық өсімге жол ашады. Бұл бағыттағы жұмыс Ұлттық банкпен үйлестіріліп жүргізілуге тиіс. Осы ретте, Үкімет басшысы мемлекеттік орган жетекшілеріне Макроэкономикалық тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын, сондай-ақ Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы жүзеге асыруды тапсырды. Оған қоса отандық өндіріске қолдау көрсету, нарықты тауарлармен қамтамасыз ету сынды міндеттер жүктеді. Ал Ұлттық экономика министрлігі теңгерімді тарифтік саясатты жүзеге асыруы керек.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #үкімет #инфляцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz