Жаңа Құрылтайға E-Parliament платформасын іске қосу әзірленіп жатыр. Қазір цифрлық шешім сынақтан өтуде.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Оның айтуынша, платформа заңнамалық процестің жаңа моделіне бейімделеді. Елде мемлекеттік басқару ауқымды цифрлық трансформациядан өтіп жатыр. Ұлттық жасанды интеллект платформасы AI-агенттерін әзірлеп, аудармалар, қызметтік хат-хабарларды дайындау үшін қолданылады. Ал 2027 жылдың соңына дейін барлық орталық мемлекеттік органдардың негізгі ақпараттық жүйелерін QazTech бірыңғай платформасына көшіру жоспарланған.
Жаслан Мәдиев, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:
- e-Parliament платформасының сынақ нұсқасы іске қосылды. Бір палаталы парламент жаңа моделіне бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жасанды интеллект және және цифрлық даму министрлігі ішкі процесстерді жүйелі АІ трансформациялауға алғашқылардың бірі болып көшуде. 151 бизнес процесс реинжинирингтен өтті. Министрліктің 300 қызметкері ЖИ дағдылары бойынша оқытылды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #үкімет #парламентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz