Мемлекеттік қызметке қабылдау үдерісі сандық жүйеге көшеді. Ал саладағы мамандардың мәртебесі артып, жалақысы үш жылда бір өсіп отырады.
Бұл нормалар «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңда бар және ол бүгін күшіне енді. Құжатта мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс уақыты үшін өтемақы төлеу мен еңбек өтіліне байланысты қосымша еңбек демалысын беру қарастырылған. Ал қоныс аудару кезінде оларға тұрғын үй төлемдері беріледі. Ипотекалық бағдарламалар қолжетімді болып, қызметкерлердің балалары балабақшаға кезектен тыс орналасады.
➣ Мемлекеттік қызметтің мақсатын, ерекшеліктерін және оны өткеру қағидаттарын айқындау
➣ Мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де тұлғалардың мәртебесін, құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін, құқықтық, әлеуметтік және өзге де кепілдіктерін реттеу
➣ Мемлекеттік қызметке кірудің, оны өткерудің және тоқтатудың құқықтық негіздерін белгілеу
➣ Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұйымдастырушылық негіздерін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ заңнаманы бұзу себептеріне мониторинг пен талдау жүргізу тәртібін айқындау.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz