RU
Толық нұсқаға өту

Елордада Еуразиялық арбитраж апталығы өтіп жатыр

01.07.2026, 14:10 44

Елордада Еуразиялық арбитраж апталығы жалғасып жатыр. Дәстүрлі жиынға халықаралық арбитраж қауымдастығының белді өкілдері қатысуда.

Айта кетелік, Астана халықаралық қаржы орталығы құрылғалы бері елге 25 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған. Ал оның аясында жұмыс істейтін халықаралық арбитраж орталығының қызметіне 40-тан астам елдің компаниялары жүгінген. Инвесторлардың қатысуымен 5 мыңнан аса даулы іс қаралған. Биылғы жиынның негізгі тақырыбы – жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар. Сарапшылардың пікірінше, дауларды шешуде заманауи технологияларды тиімді қолдану Қазақстанның осы бағыттағы халықаралық әлеуетін арттыра түседі.

Кристофер Кэмпбелл-Холт Obe, АХҚО Халықаралық соты мен халықаралық арбитраж орталығы ратының тіркеушісі және басшысы:

- Қазір біз сот отырыстарын автоматты түрде мәтінге түсіретін жүйені қолданамыз. Ол ағылшын және орыс тілдеріне аударылады. Бұл – заманауи соттар мен арбитраж орталықтары үшін маңызды құрал. Биыл eJustice жүйесі жаңартылып, әрі жетілдіріледі. Сондай-ақ жыл соңына дейін дауды сотқа жеткізбей тұрып бейтарап бағалау тетігі енгізіледі. Оның барлығы жасанды интеллектінің мүмкіндіктеріне негізделген. Бұл бастамалар Астананың халықаралық арбитраж саласындағы орнын одан әрі нығайта түседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz