RU
Толық нұсқаға өту

Бельгияда Қазақстанның конституциялық реформасы талқыланды

02.07.2026, 09:49 42

Брюссельде еліміздегі конституциялық реформа мен бір палаталы парламент — Құрылтай сайлауы талқыланды.

Кездесу Бельгиядағы Қазақстан елшілігінде «Шаңырақ астындағы диалог» атты пікірталас алаңында өтті. Жиынға қатысқан Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов жаңа Ата заң мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін күшейтіп, әділеттілік қағидаттарын бекітетінін атап өтті. Бұл ретте Еуроодақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдвардс Стипрайс жүргізіліп жатқан институционалды реформаларды кезең-кезеңмен жүзеге асыру маңызды екенін айтты. Ал елші Роман Василенко жаңа Конституция демократиялық институттарды нығайтып, Еуроодақпен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге берік негіз болатынын жеткізді. 

Эдвардс Стипрайс, Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі:

- Конституциялық реформаның басты мәні — қазақстандық қоғамның, саяси жүйе мен экономиканың сыртқы және ішкі сын-қатерлерге төзімділігін күшейту. Елдің басты құжаты қоғамды анағұрлым қуатты, біртұтас және болашақтың кез-келген сынағына дайын етуі тиіс.

Жандос Шаймарданов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

- Конституциялық өзгерістер біздің сыртқы саясатымызға қалай әсер етеді деген сұрақтар қойылды. Біз оның теңгерімді сипатқа ие екенін және стратегиялық әріптестік қатынастарымызды, соның ішінде Еуропалық Одақпен байланыстарымызды нығайтуға бағытталғанын көріп отырмыз. Жаңа Конституция сыртқы саяси әріптестеріміз үшін тек пайда әкеледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz