RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай сайлауында 10 мың дауыс беру учаскесі жұмыс істейді

01.07.2026, 22:00 26

Құрылтай сайлауын өткізуге 71 мың адам жұмылдырылады. Олар сайлау комиссиясының құрамында қызмет етеді.

Ал саяси науқанға 12,5 млн адам қатысып, дауыс беру құқығына ие болады. Бұл туралы бас қалада өткен брифингте, Орталық сайлау комиссиясының мамандары мәлімдеді. Ал саяси науқан кезінде сайлаушыларға 10 мың учаске қызмет көрсетеді. Оның 82-сі шет елдердегі бөлімшЕлер. Азаматтар әлемнің 64 елінде өз таңдауларын жасай алАды. Бір ерекшелігі - биылғы науқан жазғы демалыс маусымына сәйкес келіп тұр. Сол себепті азаматтар тұрғылықты жерінде, сондай-ақ уақытша барған орындарында дауыс бере алады.

Азамат Айманақұмов, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Өзінің тіркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкін болмайтыны белгілі болса, ол өзінің болатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға, яғни әкімдікке өзінің тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу жөнінде өтініш беруге құқылы. Бұл жағдайда сайлаушы өтініш жасаған кезде жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелген жері бойынша айлаушылар тізімінен алып тастауды және сол азамат дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

АMANAT партиясы сайлауға қатысудан бас тартты

AMANAT партиясы Құрылтай сайлауына қатысудан ресми түрде бас тартты. Келелі кеңесте сөз алған  Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова «Саяси партиялардың съездерінде AMANAT партиясын «Әділет» партиясына қосу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта қажетті ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүргізілуде», – деді. Сайлау комиссиясының төрағасы бірлестік тарапынан саяси науқанға қатыспау туралы ресми хат келіп түскенін растады.

Нұрлан Әбдіров, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- AMANAT партиясынан құрылтай депутаттарының сайлауына қатыспау туралы ресми хат келіп түсті. Өтініш жұмысқа алынды. Сайлаудың легитимділігі, азаматтардың сайлау құқықтары қамтамасыз етілуі науқанның барлық  қатысуышыларының құқықтық сауаттылығына  көп байланысты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz