Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды съезі өтіп жатыр.
Жиында бірнеше мәселе талқыға шығарылып, шешім қабылданады деп жоспарланған.
Серік Селеубайұлы, тілші:
- Съезд бір сағат бұрын басталды. Оған өңірлік партия конференцияларында өкілдік ету нормаларына сәйкес сайланған 208 делегат қатысып отыр. Онда негізгі төрт мәселені қарастыру жоспарланған. Бұл қатарда «Ақ жол» партиясының Құрылтай депутаттарының сайлауға қатысуы, Партияның саяси бағдарламасын бекіту, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту және ұйымдастыру мәселелері бар. Мен "Ақ жолдың" бұрынғы төрағасы Азат Перуашев мырзадан партияның саясаты қалай өзгеретіні туралы сұрап сұхбат жазып алып едім.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі:
- Партияның ұстанымдарын, партияның жүргізетін саясатын да жаңа көзқараспен қарауымыз керек. Дания Мәдиқызы өткен съезде де, оны сайлаған съезде да біраз жаңа идея айтты. Мына партиямыздың аймақтық саясатын өзгерту жөнінде. Жастардың, әйел азаматшалардың, мүгедек азаматтардың кәсіпкерлігін қолдау жөнінде біраз жаңа идея айтты. Көрейік соны.
Азат Перуашевтың айтуынша, қазір партиядағы белсенділік артқан. Мәселен, кеше өткен кеңесте өзір Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылғандардың саны 120-дан асқан. Дәл қазір сол тізімді нақтылап бекіту жұмыстары жүріп жатыр.
Тегтер #ақ жол партиясы #Құрылтай сайлауы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz