Енді жемқорлық жасап, қылмысы сотпен дәлелденген азаматтар сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
Оған қоса партияларға агитация шығынын арнайы қордан тыс қаражат есебінен төлеуге тыйым салынды. Мұндай ережелер Жаңа Конституцияға бейімделіп, жетілдірілген сайлау туралы заңнамада айқындалды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңес осы өзгерістерді талқылап, іс-жүзінде қолдану мәселесін пысықтады. Алғашқы саяси науқанды өткізу барысында тың тетіктерді қолдану басты назарда болады. Сарапшылар сайлау өткізудің ерекшеліктері, үгіт ережелерін реттеу сынды мәселелерге ерекше мән берді. Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар жаңартылған заңнаманы тиімді іске асырудың маңызын атап өтіп, бірқатар ұсыныс әзірледі. Сарапшылардың бастамалары Орталық сайлау комиссиясының сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі алдағы жұмысы барысында қаралады.
Снежанна Имашева, ОСК жанындағы сараптамалық кеңес мүшесі:
- Сайлау заңнамасында барлық нормалар Мәжілістің және Сенаттың сайлауына қатысты алынып тасталды. Оның орнына Құрылтайға қатысты нормамен толықты. Және жүйе пропорционалды болатынын ескеріліп, заңнамаға соған бейімделді. Екіншіден, осы заңнаманы жетілдіру мәселесі. Әсіресе өңірлерде. Олардың мүшелерінің мәртебесі туралы.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай #сайлау #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz